Денис Теннің қазасына кінәлілердің бірі Жанар Толыбаева түрмеде ұл босанды

710

Сот Денис Тенді өлтірген қылмыскерлердің сыбайласы Жанар Толыбаеваның жазасын жеңілдетті. 

Денис Теннің қазасына кінәлілердің бірі Жанар Толыбаева түрмеде ұл босанды

Қанды қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға сотталған келіншек жазасын түрмеде емес, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде өтейтін болды, деп хабарлайды КТК.  

Үкім шыққанда құрсағында сәбиі болған Толыбаева сегіз күн бұрын абақтыда айы-күні жетіп, аман-есен ұл босаныпты. Осыны алға тартқан келіншек, соттан жазасын 5 жылға кейінге қалдыруды сұраған. Алайда, қылмыстық істер жөніндегі алқа әйелді уақытша босатудан үзілді-кесілді бас тартты. Дегенмен, оның жаңа босанғанын ескеріп, қаупсіздік деңгейі төмен мекемеге ауыстырды.

Толыбаевамен қатар жазасын жеңілдетуді сұрап, Қиясов пен Құдайбергенов те апелляциялық шағым түсірген. Бірақ, олардың арызын сот қанағаттандырмай тастады. Спортшыны қасақана өлтірмедік дегеніне қарамастан, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Десе де, Толыбаеваның жазасы жеңілдегеніне Денис Теннің туыстары қарсы шықты. Жәбірленуші тарап та үкіммен келіспей, сотқа шағым түсірген болатын. Онда Денистің анасы үшеуін ұйымдасқан қылмыстық топ деп танып, жазаларын күшейтуді сұраған. Бірақ судья екі қылмыскерлерге кескен 18 жылға мерзім қосып бермеді.  

"Біз Жоғарғы сотқа арызданамыз. Бұлай қоймаймыз. Біздің негізіміз күштірек. Әділеттілік болу керек. Қоғамға бұл іс бойынша ашық, әділетті шешім керек", – дейді Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Сиқымбаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу