Денис Теннің өліміне күдіктінің бірі пышақ сұққанын мойындады

736

Денис Теннің өліміне күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов пышақ жасырылған жерді көрсеткен. 

Денис Теннің өліміне күдіктінің бірі пышақ сұққанын мойындады

Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталған Нұралы Қиясов мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады. Істің мән-жайы туралы Алматы ішкі істер департаменті хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін екінші күдікті Арман Құдайбергенов спортшыны жарақаттағанын айтқан болатын. 

Күдікті бетпе-бет кездесу барысында пышақ жарақатын салғанын мойындады.

"Сол күні оқиғаны көзімен көргендер анықталды. Олар күдіктілерді таныды", — деп мәлімдеді департаменттен.

Полицияның ақпаратынша, екінші күдікті Арман Құдайбергенов пышақ жасырылған жерді көрсеткен. Қылмыс қаруы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу