Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

1048

Министр Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, қазір іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. 

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Біз істі аяқтадық. Бірақ қазір іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Бұл процесс аяқталған соң, іс бірден сотқа жолданады", — деді Қасымов БАҚ өкілдеріне парламент кулуарында. 

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза болды. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін ұсталды.

Жақында Жанар Толыбаева, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 15 күнге дейін ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу