Денис Теннің өліміне қатысы іс бойынша тағы бір адам қамалды

930

Бас прокурордың орынбасары Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның қылмыс туралы хабар бермегені үшін қамауға алынғанын атап өтті.

Денис Теннің өліміне қатысы іс бойынша тағы бір адам қамалды

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үш адам қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Бас прокуратура аталған істі бақылауына алды, процессуалды прокурор тағайындалды. Қазіргі таңда екі бап бойынша іс қозғалды: "Адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен жасалған қасақана адам өлтіру" және "Адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен жасалған қарақшылық". Аталған қылмысты жасады деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Жиналған айғақтар жеткілікті, прокурор заңдылықты тексеріп жатыр, сот қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", — деді ол. 

Ахметжанов үшінші адамның қылмыс туралы хабар бермегені үшін қамауға алынғанын атап өтті.

"Үшінші адамға қатысты ішкі істер органдары тергеу барысы туралы ақпарат береді", — деді Ахметжанов ОКҚ-дегі баспасөз мәслихатынан кейін.

Ол ұсталған үшінші адамның кім екенін айтудан бас тартып, мұның тергеу құпиясы екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің үстінен түскен. Арада жанжал шығып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алды. 3 литр қан жоғалтқан спортшы екі сағаттан соң, кешкі 17:30-да ауруханада көз жұмды. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу