Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

1087

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматыда Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды қамауда ұстау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды, деп жазады24.kz.

"Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілердің бірі ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Ж.Толыбаева қамауда 22 қарашаға дейін отыратын болды. Ал ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов 19 қарашаға дейін қамауда отырады. ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Ол 18 қарашаға дейін қамауда болады", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу