Денис Теннің өліміне күдікті оқиғаның қалай орын алғанын айтты

660

Денис Теннің өліміне күдікті оқиғаның қалай орын алғанын айтты

Қылмыскер Денисті қалай жарақаттағаны туралы айтты, деп жазады Zakon.kz.

Күдіктілер расымен де, көліктің айналарын ұрлаумен айналысқан. Олар тонамақ болған көлік кімге тиесілі екенін білмеген. Сондай-ақ, қылмыстарының арты адам өліміне әкеледі деп ойламаған.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, Денис Тен көлігінің айналасынан ұрыларды көргенде, оларды тоқтатып, айнаны қайтып алуға тырысқан. Әрине, бұл әрекетімен ұрыларды қорқытып жіберген. Ұрылардың біреуінің қолында айнаны шешіп алатын пышақ болған. Сол пышақпен ол спортшыны аяғынан жарақаттайды, іздеріне түспеу үшін. Жан-жағына қарамай, пышақты сұға берген.

Сондай-ақ дереккөздің айтуы бойынша, полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екінші күдіктінің ізіне түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу