Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Ұланов 89 келіге дейін салмақта чемпион атанды. Ұланов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 332 (150 +182) келі жинады.
Екінші орынды жеңімпаздан 1 кг-ға қалып қойған Нұрғиса Әділетұлы иеленді. Ол жалпы есепте 331 (150+181) келіні бағындырды.
Қола жүлде тағы бір алматылық Сұлтан Мейрамға (290 кг) бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу