Ол бірнеше күн бойы римдік "Джемелли" ауруханасында болады деп күтілуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz итальяндық БАҚ-қа сілтеме жасап.
La Stampa газеті понтификтің жақын арада денсаулығын тексерту керек болған, алайда жағдайының күрт нашарлауына байланысты ол жоспарын кейінге қалдыруға тура келді. Ақыры Рим Папасы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бастапқыда понтификтің жүрегі ауырады деп сенген дәрігерлер кейін оның денсаулығы респираторлық аурудан нашарлағанын хабарлады.
"Ол Агостино Джемелли қорының ауруханасында тексеруден өтті. Оның нәтижесіне сенсек понтифик респираторлық инфекция жұқтыртқан, сондықтан ол бірнеше күнге қажетті шаралар қабылдау үшін ауруханада қалады", - делінген хабарламада.