Денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын 58 азамат анықталды

346

Талдықорғанда 28 азаматтың жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды.  

Денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын 58 азамат анықталды Фото: satmedia.kz

Талдықорған қаласының прокуратурасы денсаулық жағдайына байланысты көлік басқаруға болмайтын азаматтардың жүргізуші куәліктерін тоқтату бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокурорлық қадағалау барысында медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соның ішінде эпилепсия, психикалық бұзылыстар және психоактивті заттарды қолдануға байланысты мінез-құлықтық бұзылыстары бар азаматтардың көлік жүргізіп жүргені анықталды

Талдау нәтижесінде көлік құралын басқаруға кедергі келтіретін медициналық диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін пайдаланған 58 азамат анықталды.

Осыған байланысты прокуратура сотқа олардың көлік жүргізу құқығын тоқтату және жүргізуші куәліктерін жарамсыз деп тану туралы талап арыздар жолдады.

Қазіргі таңда соттар 28 талап арызды қанағаттандырды. Қалған 30 азаматқа қатысты материалдар сот қарауында.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу