"Денсаулығында кінәраты бар": Түркістанда облысында ер адам жоғалып, дронның көмегімен табылды

479

Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген.  

"Денсаулығында кінәраты бар": Түркістанда облысында ер адам жоғалып, дронның көмегімен табылды Фото: polisia.kz

Ордабасы ауданында 56 жастағы тұрғын үйінен шығып, қайта оралмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама полицияға түскен сәттен бастап, оның әрбір минутын жоғалтпай іздеу жұмыстары басталды.

Туыстарының айтуынша, тұрғынның денсаулығында кінәраты болған. Сондықтан полицейлер үшін басты міндет ер азаматты мүмкіндігінше тез тауып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты.

Полиция қызметкерлері тұрғынның ықтимал жүру бағытын анықтап, Темірлан ауылының солтүстік-батысындағы кең алқаптарды, егістік жерлер мен арық жағалауларын жаяу тексерді.

Іздеу аумағы кең болғандықтан, полицейлер дронды да іске қосты. Әуеден бақылау жүргізіліп, жерден қарағанда бірден байқала бермейтін аумақтар жіті тексерілді. Нәтижесінде іздеу тобы егістік алқаптарының бірінен жоғалған тұрғынды тапты. Ол аман-есен табылды.

Полицейлер ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, туыстарына табыстады. Жақындарының аман табылуына себепші болған полиция қызметкерлеріне отбасы мүшелері алғыстарын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу