Денсаулық күні аясында Астанада көктемгі марафон өтеді

754

Денсаулық күні аясында Астанада көктемгі марафон өтеді

7 сәуір күні сағат 10:00-де "Триатлон паркте" Дүниежүзілік денсаулық күні аясында "Спорт – күш, спорт – өмір" атты көктемгі марафон өтеді. Бұл шара EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Марафон Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппаратымен Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, Астана қаласы Жастар саясаты және Дене шынықтыру және спорт басқармаларының қатысуымен ұйымдастырылады.

Шара барысында Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Бақтияр Артаев қала тұрғындары және қонақтарымен таңғы жаттығу жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу