Денсаулық министрлігі Спутник вакцинасына қатысты депутаттық сауалға жауап берді

1042

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Аманжан Жамаловтың депутаттық сауалына жауап ретінде өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Денсаулық министрлігі Спутник вакцинасына қатысты депутаттық сауалға жауап берді

Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың бұдан бұрын жалпы отырыста айтылған депутаттық сауалына жауап ретінде мынаны хабарлаймыз.

Бұдан бұрын ОКҚ алаңында хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Спутник V вакцинасын әзірлеушілерден РҒА академигі, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің "Sputnik V вакцинасының 1 компоненті мен 2 компонентін енгізу арасындағы аралықты ең төменгі мүмкін 21 күннен 90 күнге дейін көбейтуге болады" және де "Вакцина дозалары арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, ал кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне алып келеді" деген қолы қойылған ресми хат алды.

Әзірлеушінің осы ұсынысын басшылыққа ала отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына "Спутник V" екінші компонентімен вакцинациялау мерзімін 21-ден 45 күнге дейін ұзарту бойынша өзгеріс енгізілді. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-ші күні екінші компонентті ала алады.

Осылайша, вакцинаның екі компоненті арасындағы интервал бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұстанымы құқықтық негізге ие және Телеграмм-арнадан алынған үзінділерде емес, препаратты әзірлеушінің ресми түсіндірмесінде қалыптасқан.

Естеріңізге сала кетейік, республиканың Бас санитарлық дәрігерінің қызметі Қазақстан халқының денсаулығы туралы кодекспен реттеледі. Жалпы, аралықтың ұлғаюы иммундауды едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді, ал вакцинаның бірінші компонентін енгізу антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін азаматтарда иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік береді. "Спутник V" вакцинасының екінші компоненті жеткілікті мөлшерде бар екенін айта кету керек.

Осы аптада екінші компоненттің вакциналары 400 мың дана көлемінде келеді деп күтілуде. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды елге жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде және жеткілікті мөлшерде, тапшылық байқалмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды санитарлық нормаларды ғана емес, ақпараттық гигиена ережелерін де қатаң сақтауға шақырады. Бұл, ең алдымен, әртүрлі байланыс арналары арқылы таратылатын жалған және арандатушылық ақпараттарға сенбей, коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ресми көздерден алынған ақпаратты пайдалануды білдіреді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу