"Денсаулық пойызы" Атырауға жетті

756

"Денсаулық пойызы" Атырауға  жетті

Білікті тәжірибелі дәрігерлерден құралған "денсаулық пойызы" Атырау облысына табан тіреген үш күннің ішінде 450-ден астам тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды atpress kz.

Заманауи құрылғылармен жарақтандырылған көшпелі емхана бүгін Мақат кентіне аялдайды. "Денсаулық пойызы" УДЗ, ренгтен секілді емханадағыдай аппараттармен жарақтандырылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлері бар.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жолға шыққан "денсаулық пойызының" мақсаты - шалғайда жатқан елді-мекен тұрғындарына сапалы медициналық көмек беруді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу