Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласында инвестиция көлемі артты

470

Инвестицияның ең көп көлемі елордада тіркелді. 

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласында инвестиция көлемі артты Фото: Ratel.kz

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестициялар 273 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда ақшалай мәнде 35%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша сектордағы барлық инвестицияның үштен бірі Астанаға тиесілі (92,8 млрд теңге). Сонымен қатар Шығыс Қазақстан (21,6 млрд теңге) және Жамбыл (20,6 млрд теңге) облыстарына, Алматыға (18,6 млрд теңге), Түркістан облысына (17,5 млрд теңге), Шымкентке (16 млрд теңге), Қарағанды облысына (15,5 млрд теңге) да айтарлықтай қаражат түсті.

Инвестицияның ең аз көлемі Атырау (1 млрд теңге) және Ұлытау (1,4 млрд теңге) облыстарында байқалды.

Ресурстың жазуынша, инвестициялардың үштен бірінен астамы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді – 94,3 млрд теңге. Бұл 2021 жылға қарағанда ақшалай мәнде 61,8%-ға көп.

Бұдан басқа үштен бір бөлігі жергілікті бюджеттерге тиесілі болды (90,7 млрд теңге). Республикалық бюджеттен – 60,3 млрд теңге, банктік емес қарыз қаражатынан – 21,8 млрд теңге, банктік несиелер есебінен 5,8 млрд теңге қамтамасыз етілді.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте сектордағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақы мөлшері 245 мың теңгеге дейін артты. Жалақының сатып алу қабілеті 0,5%-ға қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу