2021 жылдың қаңтар-тамызында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 99,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4%-ға аз. Нақты капиталдың төмендеуі 7,3%-ға болды.
Айта кететіні 2020 жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 103,6 млрд теңгені құрады, көрсеткіш 55,8%-ға өсті.
Өңірлер бойынша сектордағы инвестицияның ең көп бөлігі Алматыға тиесілі: 29,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыға қарағанда 52,5%-ға көп. Екінші және үшінші орында Түркістан облысы (13 млрд теңге, өсім 6,7 есе) мен елорда (12,2 млрд теңге, өсім 16,7%) тұр.
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге инвестициялардың ең үлкен өсімң Түркістан облысында тіркелді, ең үлкен төмендеу Ақмола облысында байқалды (бірден 90,9%-ға 786,4 млн теңгеге дейін).
Сектордағы күрделі салымдардың ең көп көлемі банктік емес қаражат есебінен қамтамасыз етілді: 36,3 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп. Банктік несиелер есебінен сектордың негізгі капиталына 4,5 млрд теңге инвестицияланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 8 есе көп.
Меншікті қаражаттан салынған инвестициялар 26,4 млрд теңгені (ақшалай түрде жылына 8,6%-ға төмен), жергілікті бюджеттен – 24,7 млрд теңгені (43,5%-ға төмен) құрады. Республикалық бюджеттен инвестициялар көлемі де 45,6%-ға азайды.
Worldometers.info мәліметі бойынша, коронавирустық пандемияның басынан 2021 жылдың 22 қыркүйегіне дейін әлемде 230,5 млн індет жұқтыру жағдайы тіркелді, 4,7 млн адам қайтыс болды, тағы 207,3 млн адам сауықты.
2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша, АҚШ-та инфекцияның ең көп тіркелген: 43,3 млн адам. Сондай-ақ анти-көшбасшылардың арасында Үндістан (33,6 млн) мен Бразилия (21,2 млн) бар.
ТМД елдерінің ішінде Ресей әлемде – 5 орында (7,3 млн жағдай), Украина –19 орында (2,4 млн жағдай), Қазақстан – 38 орында (867,4 мың жағдай), Беларусь – 53 орында (522,3 мың жағдай), Әзірбайжан – 59 орын (475,1 мың жағдай), Молдова – 81 орын (284 мың жағдай), Армения – 83 орын (254,7 мың жағдай), Қырғызстан – 92 орын (177,9 мың жағдай), Өзбекстан – 94 орын (170 мың жағдай), Тәжікстан – 151 орын (17 мың жағдай) тіркелген.
ТМД елдерінің ішінде Әзірбайжан вакцинацияланған халықтың үлесі бойынша көш бастап тұр: 45,2%. Қазақстанда бұл көрсеткіш 38,4%-ды құрады. Қалған ТМД елдерінде екпе салғандардың үлесі төмен: Ресейде – 32,2%, Өзбекстанда – 28,8%, Тәжікстанда – 23,7%, Беларусьте – 18,6%, Украинада – 14,7%, Молдовада – 14,2 %, Қырғызстан – 11,7%, Армения – 8%, Түрікменстан – 0,5%.
Құралай Құдайберген