Қажет болған жағдайда Қазақстан Түркияның зардап шеккен аудандарына дәрігерлер бригадасын құрылып, жіберуге дайын отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ажар Ғинияттың Facebook парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап.
"Құлаған ғимараттардың астында қалған адамдардың тезірек құтқарылуын, жараланғандардың сауығуын және қираған қалалардың қалпына келтірілуін тілейміз", - деді министр.
Әзірге, Түркияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы ұшты.
"Медициналық көмекті күшейту қажет болған жағдайда Қазақстан тарапынан Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберу үшін дәрігерлер бригадасын құрып, дайын отырмыз", - деп түйіндеді А.Ғиният.