Денсаулық сақтау министрі Ақтөбеге барып, манту орнына БЦЖ алған балаларды қарап шықты

566

Ақтөбеге Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келіп, манту орнына БЦЖ қабылдаған балаларды қарап шықты. Олардың ата-аналарының өтінішін тыңдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Денсаулық сақтау министрі Ақтөбеге барып, манту орнына БЦЖ алған балаларды қарап шықты Фото: gov.kz

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген министр Ажар Ғиният Мәртөк ауданына барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кейін облыс орталығында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

"Манту орнына БЦЖ вакцинасын қабылдаған балаларды қарап шықтым. Олардың ата-аналарымен кездестім. Қазіргі кезде қандай да бір кері әсері болмады. Балалар бүгінге дейін тек жергілікті ғана емес, республикадағы білікті мамандардың бақылауында болды. Бәрін өзім қадағалап отырдым. Күн сайын олардың жағдайы туралы ақпарат алдым. Мамандармен бірге олардың хәлін біліп отырдық, бақыладық. Жұмыс әрі қарай жалғасады. Ата-аналары балаларды бақылап, оңалту шарасын жүргізуді сұрады. Біз оны қолдаймыз, шипажайға жібереміз. Ал жеке клиникаға келер болсақ, комиссия санитариялық норманың бұзылғанын анықтады", - деді министр Ажар Ғиният.

Қазіргі кезде комиссия қорытындысы құқық қорғау органдарында жіберілді. Тергеу жүріп жатыр. Ал балаларды енді қалалық емхана қарайды. Олар күзгі демалыс кезінде иммунитетті нығайту үшін "Ақбөбек" оңалту орталығына жіберілді, ал қысқы демалыста "Бурабай" санаторийінде сауықтыруды жалғастырады.

Еске салсақ, Ақтөбеде жеке емхана мейірбикесі балаларға манту сынамасының орнына БЦЖ вакцинасын берді. Олардың білегі іріңді жараға айналып, ата-аналары дабыл қаққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу