Денсаулық сақтау министрі Алматыдағы №7 ауруханаға барды

1070

Бүгін ҚР ДСМ министрі А.Цой бастаған делегация Алматы  қаласына жұмыс сапары аясында, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Денсаулық сақтау министрі Алматыдағы №7 ауруханаға барды

Мақсат, қала басшылығымен эпиджағдайды талқылау және медициналық мекемелерде Covid-19-бен күрес жұмыстарымен танысу.

Министрлік делегациясымен қатар  7 ауруханаға Алматы қаласының Әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров,  Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшін,  Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев келді.

Алматыға жұмыс сапары кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цойға карантин жағдайындағы стационар жұмыстары, аурухананың індет бәсеңсіген жағдайда немесе эпидахуал күрт нашарлаған жағдайдағы жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар министрге бірнеше бөлімшелер, бөлмелерді аумаққа бөлу, медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесі, аурухана мен емхана кіреберісінде орнатылған дене қызуын өлшеу тепловизорлары, КВИ таралмауына ықпал ететін медициналық қалдықтарды тез жоятын кешені көрсетілді.

Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов аурухананың қала стационарларының емдеу алгоритміне сәйкес толық дайын екендігін айтты.

Денсаулық сақтау министрі клиникадағы маман мәселесіне де тоқталды. Алексей Цой КВИ жағдайы ҚР Президентінің басты назарында екендігін атап өтті. Жұмыс сапары соңында министр КВИ-мен күрес және оның таралуын тоқтатуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу