Денсаулық сақтау министрі ауылда медицина қалай дамитынын түсіндірді

169

Былтырдан бастап "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы іске асырылып келеді.  

Денсаулық сақтау министрі ауылда медицина қалай дамитынын түсіндірді Фото: freepik

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірінші міндет – 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (ред. – МСАК) нысанының құрылысы. Екінші міндет – 32 аудандық орталық ауруханаларын жаңғырту. Үшінші міндет – медициналық кадрлармен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп мемлекеттік сараптама қорытындылары негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байланыстыру жұмыстарын толығымен аяқтады", - деді министр Үкімет отырысында.

Құрылысы жоспарланған 655 МСАК нысанының ішінде 22,9 млрд теңгеге 102 нысандағы құрылыс жұмысы аяқталды. 

"Облыс әкімдіктерімен жергілікті бюджеттерден 551 нысанға бірлесіп қаржыландыру көзделген. 441 нысанның құрылысы бойынша шарттар жасалды. 107 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 5 нысан бойнша конкурстық рәсімдер әлі жарияланған жоқ. 355 нысанның құрылысына республикалық бюджет және Үкімет резерві есебінен қаражат бөлу көзделген. Қалған 194 нысанның құрылысына қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын қабылданған қаулыға өзгерістер енгізу арқылы Үкімет резервінен қаражат бөлу жоспарлануда", - деді Ақмарал Әлназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу