Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

780

Ведомство басшысы Сыр өңіріне жасаған сапар барысында алдымен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Ажар Ғиният одан әрі Ана мен бала орталығына барып, облыстық жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысты.

Сапардың алғашқы күні Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықпен және азаматтық сектор белсенділерімен есептік кездесулер өткізуді, азаматтарды жеке қабылдауды, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ үшін брифинг беруді жоспарлап отыр. Онда медициналық қызмет сапасы мен жаңа медициналық нысандар салу жайы талқыланады. 

Министр Талды Орал округінде, Шиелі ауданында бірқатар ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралап, жұмысымен танысады. Сондай-ақ Қазақ республикалық лепрозориясына барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу