Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға қайта вакцина алуға кеңес береді.
Бұл туралы Үкімет отырысынан соң тілшілер сұрағына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
"Негізі қазір бүкіл әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Әсіресе, көршілеріміз – Қытайда, Әзербайжанда, Израильде және тағы бірнеше елдерде аурушаңдық күрт өскен. Сондықтан біз де халыққа ревакцинация қажет екенін хабарлаймыз", - деді министр.
Қазір елде QazVaz және Sinopharm вакциналарының 500 000 дозасы бар. Жақында Pfizer вакцинасының партиясы жеткізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу