Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуы бойынша болжамдарымен бөлісті

591

Ажар Ғиният әдеттегідей пессимистік, шынайы және оптимистік сценарий туралы сөз қозғады. 

Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуы бойынша болжамдарымен бөлісті

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі коронавирустың таралу қарқыны бойынша болжамдарын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Келесі үш айда бағалау келесідей. Пессимистік сценарий бойынша тіркелген жағдайлардың ең көп саны күніне 4 000 науқасқа дейін жетеді. Ал шынайы сценарийде – тәулігіне 2 400 жағдайға дейін тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша – күніне 1 000 жағдайға дейін анықталады", – деді ведомство басшысы.

Айта кететіні, елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1 257 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл оптимистік сценарий шеңберінен шыққанымызды айғақтайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу