Денсаулық сақтау министрі мектеп асханаларындағы бұзушылықтарды атады

351

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болмаған.  

Денсаулық сақтау министрі мектеп асханаларындағы бұзушылықтарды атады Фото: GloLime

Соңғы үш жылда білім беру ұйымдарында топтық инфекциялық аурулар жағдайы 2 есе өскен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу жылының басынан бері мектептерде 347 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 49 ас блогы тексерілгені белгілі болды. Ведомство басшысы қандай бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

"Ас бөлмелерінің санитариялық-техникалық жағдайының тиісті деңгейде болмауы және де санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы жүйелі сипатқа ие. Негізі бақылау-қадағалау қызметін либерализациялау бойынша жүргізілген шаралар еліміздің эпидемиологиялық жағдайына елеулі әсер етті. Соңғы үш жылда білім беру ұйымдарында топтық инфекциялық аурулар жағдайының 2 есе өскені байқалады. Осыған байланысты осы жылы Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар  объектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін Заңға қол қойды", – деді Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, 1 маусымнан бастап жаңа тәртіпке сәйкес мектептерге мониторинг жүргізу басталады. 1 шілдеден бастап аталған барлық нысандарда жоспарлы тексерулер жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу