Денсаулық сақтау министрі үстіндегі қымбат киімдерді қандай ақшаға алғанын айтты

1015

Ақмарал Әлназарова өзінің желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша қаражат жұмсағаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрі үстіндегі қымбат киімдерді қандай ақшаға алғанын айтты Фото: @akmaralalnazarova

Ондай қымбат брендтерден киіну үшін қанша жалақы алу керектігін де жасырмады.

"Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің үлкен гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы – 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысым үшін алған ақшаға сатып алғанмын. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында", – деді Әлназарова.

Министр өзінің жаңа қызметтегі жалақысы туралы сұраққа да жауап берді.

"Мен әлі жалақы алған жоқпын, бірақ көп болады деп ойламаймын", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу