Денсаулық сақтау министрі Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерімен жалақы мәселесін талқылады

577

Жаңаөзен қаласына арнайы барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем стансасының қызметкерлерімен бірқатар түйткілді мәселелерді, соның ішінде жүргізушілердің жалақысы мен коммуналдық төлемдерді көтеруді талқылады.  

Денсаулық сақтау министрі Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерімен жалақы мәселесін талқылады Фото: inbusiness.kz

Жүргізушілерді "фельдшер" сертификатына оқыту және осы сертификат негізінде жалақыны қосымша көтеру мәселесін көтерді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сондай-ақ, бригадалардың штаттық құрамы туралы да сөз болды. Қызметкерлердің пікірінше, кемінде үш адам - фельдшер, медбике және жүргізуші немесе медбикенің орнына - екінші фельдшер болуы керек.

2023 жылдан бастап қала тұрғындарының шақыртуларын бұрынғыдай облыс орталығы арқылы емес, жергілікті жедел жәрдем өзі қабылдайтын болады.

Қазір мұнайлы шаһарда 72 дәрігер, 35 қосымша дәрігер, 292 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Министрге Жаңаөзендегі ауруханаларда маман тапшылығы, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету сынды бірқатар мәселелер айтылды. Кездесу барысында Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін толғандырған бірқатар сауалдарға жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу