Денсаулық сақтау министрінің міндеті Жандос Бүркітбаевқа жүктелді

1800

ҚР Үкімет басшысының қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеті денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаевқа жүктелді. 

Денсаулық сақтау министрінің міндеті Жандос Бүркітбаевқа жүктелді

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Фармация" мамандығы бойынша, 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы Астана қаласы "Қан орталығы" ШЖҚ МКҚК басқарды.

2011-2019 жылдары – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры.

2019 жылғы 23 қаңтардан бастап "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылдың қаңтар айынан бері денсаулық сақтау вице-министрі қызметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу