Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

547

Бұл қызметке Алмаз Шарман тағайындалды.

Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды Фото: comode.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алмаз Шарман 1960 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысының Ұлытау ауылында дүниеге келген, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы иммунология институтында аспирантура және докторантура бітірген.

Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, американдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі. 

АҚШ-та штаттан тыс кеңесші халықаралық медициналық-демографиялық зерттеулер бағдарламасының медициналық үйлестірушісі болып жұмыс істеді және Джонс Хопкинс университетінде сабақ берді.

Орталық Азия бойынша американдық халықаралық даму агенттігінің (USAID) инфекциялық аурулар жөніндегі кеңесшісі, американдық дипломат мәртебесі бар Қазақстан бойынша USAID өкілдігінің басшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу