Денсаулық сақтау министрлігі 40 қосымша білім беру мекемесінің құқығын шектеді – ҰКП

730

Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікірінше, медицина саласындағы қосымша білім беру нарығындағы монополия – қосымша медициналық білімге қол жетімділіктің төмендеуіне, бәсекелестіктің шектелуіне және тіпті білім беру ұйымдары немесе филиалдарының жабылуына әкеп соғады.

Денсаулық сақтау министрлігі 40 қосымша білім беру мекемесінің құқығын шектеді – ҰКП

Заңнамаға сәйкес аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен барлық ұйым медицина мамандарының біліктілігін арттыруды жүргізуге құқылы. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі Заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бұйрықтарда және іс жүзінде кәсіпкерлердің маңызды тобының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсету құқығын шектеді, деп хабарлады "Атамекен" ҰКП.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексте денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша білім мен дағдылар көлемін игеруі аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылатыны бекітілген. Кейінірек Кодекстің сол бабына енігізілген өзгерту қосымша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, аккредиттелген клиникалық базалар базасында жоғары медициналық колледждер, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханаларда қосымша білім алуға мүмкіндік береді.

"Денсаулық сақтаудағы барлық білім беру бағдарламалары – медициналық, фармацевтикалық, қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын және өзге де денсаулық сақтау мамандарын даярлау бағдарламалары, барлық білім және ғылым ұйымы бойынша қосымша білім беруді жүзеге асырудың негізі институционалдық аккредиттеуден міндетті өту болып саналады. Медициналық мамандықтар бойынша институционалдық аккредиттеуден өтпей қосымша білім беруді жүзеге асыра алатын білім және ғылым ұйымдары осы Ереженің кейінгі мәтінінде ерекше көрсетілген. Алайда денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бұйрықтарда және іс жүзінде аккредиттелген ұйымдардың едәуір тобының құқығын шектеп, тек соңғыларға оқытуға мүмкіндік берді. Ал бұл медициналық білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестікті едәуір төмендетті", – деп түсіндірді "Парасат" қазақстандық медициналық біліктілікті арттыру институтының басшысы Вячеслав Югай.

 Соның нәтижесінде аккредиттеуден өткен және бұрын дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізген 40-қа жуық білім беру ұйымы білім беруден тыс қалды. Салдарынан жеке білім беру ұйымдарында толық ауқымды және сапалы қайта даярлаудан өткен медицина қызметкерлері біліктілікті арттырудан өткені туралы сертификат ала алмады.

Бәсекелестіктің айтарлықтай төмендеуі жеке білім беру ұйымдары кірістерінің азаюына, тұтастай алғанда ұйымдардың немесе аймақтық филиалдардың жабылуына әкелді.

"Мамандарды сертификаттау және сертификаттың қолданылуын растау процесі маманның білімі мен іскерлігін бағалауға емес, "Біліктілікті арттыру туралы куәлікті" берген "Білім және ғылым ұйымының дұрыстығын" бағалауға айналды. Ал "Білім және ғылым ұйымының дұрыстығын" ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кодекстің тиісті бабының бір абзацынан ғана анықтады", – деп атап өтті Вячеслав Югай.

"Қазақстандық білім беруді дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы" ЗТБ деректері бойынша клиникалық курстар барлық курстың жалпы санының 75-80%-ын құрады.

ҰКП мамандары қосымша медициналық білім беру нарығын монополиялау оның қол жетімділігінің төмендеуіне әкелді деп атап өтті. Шалғай аймақтарда тұратын медицина қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін іссапараларға шығуға мәжбүр.

"Денсаулық сақтау министрлігі уәкілеттік берген білім беру ұйымдары өз біліктілігін арттырғысы келетін тыңдаушылар ағынын толық көлемде орындай алмайды. Нәтижесінде олар қосалқы мердігерлер ретінде институционалдық аккредиттеуден өткен, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі жібермеген ұйымдарды тартады. Жағдайдың қисынсыздығы – тыңдаушылардың Денсаулық сақтау министрлігі бастапқыда қабылдамаған мекемелерде сол курстардан өтуі болып отыр", – деп түсіндіреді "Атамекен" ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова.

ҚР ҰКП қосымша білім беру мәселелерін барлық алаңда көтерді, алайда шешімі табылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу