Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтыру дерегі анықталған ауруханаға тексеруді бастады

517

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтыру дерегі анықталған ауруханаға тексеруді бастады Фото: КТК

Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтыру дерегі анықталған Алматыдағы ауруханаға эпидемиологиялық тексеруді бастады.

“ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС орталығының мамандары Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады. Осы дерек бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастады”, - деп хабарлады министрлік.

Ақпаратқа сәйкес, комиссия құрамына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылған.

Денсаулық сақтау министрлігі қосымша ақпарат комиссия жұмысының қорытындысы бойынша берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада 3 адамнан АИТВ анықталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу