ДСМ Ақтөбедегі "екпе оқиғасына" қатысты тексеру бастағанын хабарлады

"Балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда".

ДСМ Ақтөбедегі "екпе оқиғасына" қатысты тексеру бастағанын хабарлады

Ақтөбедегі мектеп оқушыларын манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі бойынша қызметтік тексеруі басталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

"Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар Комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді.  Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №74 жалпы білім беретін орта мектебінде туберкулиндік диагностикаға жататын бірінші сынып оқушыларына манту сынамасының орнына, БЦЖ вакцинасы салынғаны белгілі болды. Мектеп бойынша профилактикалық екпелерді жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде Ақтөбе қаласындағы жеке клиниканың ("Медикус орталығы" ЖШС ) дәрігері мен мейіргері тағайындалған. Аталған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу