Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты халыққа үндеу жасады

553

Мамандар аптап ыстықта күн өтудің адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті.  

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты халыққа үндеу жасады Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, күн өту – ағзаның қатты қызып кетуі салдарынан дене температурасын қалыпты деңгейде ұстап тұру қабілеті бұзылатын қауіпті жағдай, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, күн өту мидың, жүректің, бүйректің және басқа да өмірлік маңызды ағзалардың зақымдалуына, ал ауыр жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, күн өтудің негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, қатты әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, сананың шатасуы немесе естен тану жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу