Денсаулық сақтау министрлігі Балалар онкологиясы мен гемотология қызметін жетілдірудің жол картасын бекітті

1081

Денсаулық сақтау министрлігі Балалар онкологиясы мен гемотология қызметін жетілдірудің жол картасын бекітті

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан Республикасындағы Балалар онкологиясы мен гемотология қызметін жетілдіру жол картасын бекітті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жол картасы онкологиялық және гемотологиялық аурулармен сырқаттанған балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға негізделген бірқатар іс-шараларды қарастырады.

Жол картасы аясында заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, гемопоэтикалық бағаналық жасушаны транспланттауды дамыту, кадрлық әлеует деңгейін арттыру жоспарланған.

Сонымен қатар, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау, қатерлі ісік ауруларын емдеу мен оңалтудың заманауи технологиялары бойынша тұрғындардың хабардарлығы мен сауаттылығын арттыру шаралары қарастырылған.

"Жол картасын іске асыру ісіктің бірқатар түрлері бойынша онкологиялық аурулармен сырқаттанған балалардың тірі қалу мүмкіндігін 80-90%-ға ұлғайдуға, қатерлі ісікті I-II кезеңде диагностикалауды до 50-60%-ға арттыруға, медициналық-әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды, қатерлі ісікпен сырқаттанған балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", – дейді ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен балалар онкологиясы мен гематологиясы сұрақтары бойынша аталған саладағы мәселелерді талқылау мен оның шешу жолдарының ортақ іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу мақсатында балалардың ата-аналары және ҮЕҰ белсенділерімен кездесу өткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу