Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде өрескел қателік жіберді – Қасым-Жомарт Тоқаев

625

Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде өрескел қателік жіберді – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: akorda.kz

Коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға арналған үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады. 
Ол жіберілген қателер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет екенін айтты. 

"Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек. Келесі маңызды міндет – толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмекті қолжетімді ету. Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде өрескел қате жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ.Үкімет те бақыламады", – деді Президент. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу