Айтуынша, 2018 жылы қабылдау комиссиясы платформаның жұмысына қатысты ешқандай ескерту болмағанын, тек ұсыныстар түскенін жеткізген. Осылайша сол жылдың 18-ші желтоқсанында Эриксон никола тесла енгізген ақпараттық жүйені қабылдау жөніндегі сертификатқа қол қойылған. Сәйкесінше, платформа министрліктің баланысына қабылданған. Ведомство өкілі экс-вице-министр Олжас Әбішевтың презентациясына сүйене отырып баяндама әзірлегенін айтты.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Біртанов ісінде Денсаулық сақтау министрлігі айыптаушы тарап ретінде танылып келді. Сондай-ақ ведомство 2 шенеуніктен де өз пайдасына 1,3 млрд теңге өндіріп алуды сұраған. Ал аппелациялық сотта жауаптының сөйлеген сөзі көпшілікке түсініксіз болып қалды. Редакция тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінінен "Біратанов ісіне қатысты айыптан бас тартып отырсыздар ма?" деген ресми сауал жолдады. Әзірге жауап күтудеміз.