Ол ведомствоның елдегі медицина ұйымдарына қарызы туралы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қазір қарыз көлемі 700 млрд теңгеден асып отыр. Бұл республикалық бюджеттен жоспарланған қаражат пен нақты түскен қаржы арасындағы айырмашылықтан туындады. Дегенмен, бұл жағдай ұйымдардың жұмысын тоқтатпай отыр: қордағы жинақталған активтер арқылы өтімділікті сақтап, төлемдер жүргізілуде. Сондай-ақ Қаржы министрлігімен бірлесіп, міндеттемелерді жабу үшін қажетті қаражатты жинақтап жатырмыз, – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, "қиын фискалдық жағдайға" және республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық орындалмауына қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаржы бөлінген.