Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-мен бірлесіп дәрілік заттарға қол жеткізу мәселелерін талқылауда

476

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен бірлесіп Орталық Азия елдерінде дәрілік қамтамасыз ету саласындағы ұлттық саясат шараларын күшейту жолдарына арналған субөңірлік саяси диалог жүргізуде. 

Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-мен бірлесіп дәрілік заттарға қол жеткізу мәселелерін талқылауда Фото: ҚР ДСМ

Кеңеске қатысушылар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділікті жақсарту; аса құнды дәрілік заттарды анықтау және сатып алудың ұтымдылығын арттыру; дәрі-дәрмектерге бағаны белгілеу және оларды сатып алу және т. б. байланысты проблемаларды еңсеру мәселелерін қарауға ниетті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Бірыңғай дистрибьютор жүйесі енгізілгенін, ірі фармацевтикалық компаниялармен дәрілік заттарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасалғаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу