Денсаулық сақтау министрлігі есірткіге тәуелді адамдар бойынша ресми деректерді жариялады

365

Өкінішке орай, ресми статистикада елдегі есірткіге тәуелді адамдардың нақты санын көрсетілмеген. 

Денсаулық сақтау министрлігі есірткіге тәуелді адамдар бойынша ресми деректерді жариялады Фото: ortcom_kz

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Психоактивті заттарды пайдалану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары" диагнозымен 108 мың 722 адам динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 18 329-ы - есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы Анжела Бексұлтанова осындай деректерді келтірді.

"Нашақорлардың 91% (16 817) – ерлер, 9% (1 512) – әйелдер, 2 734 (15%) – 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, 66 – балалар мен жасөспірімдер. Өкінішке орай, ресми статистикада елдегі есірткіге тәуелді адамдардың нақты санын көрсетілмеген. Өйткені бұл көрсеткіш латентті болып табылады. Көптеген нашақорлар өздерінің жағдайын жасырады", - деді спикер.

2023 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жағдайында есірткіге тәуелді 3 534 науқас емделді.

"20 жылдан бері нашақорларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді бағдарламасы іске асырылып келеді, оған детоксикация, психотерапиялық және психокоррекциялық емдеу, әлеуметтік оңалту кіреді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Биыл медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерін Абай, Ұлытау, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында ашу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу