"Сусын ішкен оқушы қайтыс болды, ал тағы бір бала қауіпті астан уланып ем қабылдап жатыр". WhatsApp желісі арқылы дәл осындай мәтін таралып жатыр. Әлбетте бұл ата-аналар арасында дүрбелең туғызып үлгерді. Хабарламада "Баланың өліміне Тархун, Citro газдалған сусыны себеп болған" деп жазылған.
Денсаулықты сақтау комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ресми деректерге сәйкес, жұқпалы ауру ауруханаларында Тархун, Citro газдалған сусындарын және энергетикалық сусындарды ішкеннен кейін улану фактілері тіркелмепті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу