Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың "Цербер" штаммы туралы айтты

Аурухана жатқан 10 науқастың жағдайы ауыр.  

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың "Цербер" штаммы туралы айтты

Сенат отырысынан соң Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният коронавирустың жаңа штаммы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Цербер" - омикронның түрлерінің бірі.  Омикронның басқа қандай түрлері бар, соның барлығын бақылап, сынап, анықтайтынымызды білесіздер. Жалпы вирустың 0,5%-ы ғана айналымда. Ол орташа ағымымен сипатталады", - деді спикер. 

Министр қазір асимптоматикалық ағымдар көп екенін қосты.

"Қазіргі таңда ауруханаларда 100 науқас жатыр. Бұл негізінен егде жастағы, екпе мүлде алмаған науқастар.  Олардың 10-ының жағдайы ауыр", - деп түйіндеді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу