Денсаулық сақтау министрлігі мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық талаптарды өзгертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа ереже бойынша әрбір балаға шаршы метр белгіленді.
"Мектепке дейінгі ұйымдардың жас тобындағы үй-жайларын жобалау кезінде киім ауыстыратын бөлме, ойын бөлмесі, жатын бөлме, асхана және дәретхана кіреді", – делінген бұйрықта.
Енді мектепке дейінгі мекемелердің аумағы жаңа стандарттарға сай болуы керек.
"Киім ауыстыру бөлмесі бір балаға кем дегенде 0,7 шаршы метр мөлшерінде жобалануы керек. Ойын бөлмесі - 2 шаршы метр, асхана және тарату алаңы - 3,8, жатын бөлме - 1,8 шаршы метр, мектеп жасына дейінгі топтарға арналған дәретхана - 16 шаршы метр, кіші топтарда - 12 шаршы метр болуы шарт", – делінген денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында.
Ескі стандарттар бойынша жобаланған және салынған ғимараттарға бұл ережелер енгізілмейді.
Бұйрықта егер қосымша орын болған жағдайда жатын бөлме мен ойын бөлмесін біріктіруге рұқсат етілгені айтылған.