Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды басқарудың электрондық жүйесін енгізуде

146

Жүйенің негізгі міндеті – деректерді қолмен енгізуді азайту арқылы жоспарлау дәлдігін арттыру және адам факторының әсерін азайту.

Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды басқарудың электрондық жүйесін енгізуде Фото: pvsm.ru

Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ұйымдарды, кадрларды, жабдықтар мен медициналық техниканы онлайн режимде есепке алуға мүмкіндік беретін ресурстарды басқарудың жаңғыртылған жүйесін енгізу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жүйе ресурстарға қажеттілікті бес жылға дейінгі мерзімге болжауға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялана отырып, медициналық ұйымдардың активтерін есепке алуды жүргізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы кезеңде жоба пилоттық режимде іске асырылуда. Оған еліміздің барлық 20 өңірі бойынша 672 медициналық ұйым қатысады. Пилоттың қорытындысы бойынша ТБЖ жүйесін одан әрі масштабтау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу