Денсаулық сақтау министрлігі саладағы негізгі проблемаларды атады

507

Қазақстанда 3 млн-нан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. 

Денсаулық сақтау министрлігі саладағы негізгі проблемаларды атады Фото: Tengrinews

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Біріншіден, саланың жеткіліксіз деңгейде қаржыландырылуы. Бұл мәселе тарифтердің медициналық көмекке жұмсалатын шығындарға нақты сәйкес келмеуінен туындап отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының пайыздық ставкасы Чехия (13,5%), Словакия (14%), Молдова (9%) және Литва (9%) сияқты кейбір елдерге қарағанда айтарлықтай төмен", - деді ведомство өкілі.

Оның сөзінше, келесі мәселе – халықтың МӘМС жүйесіне жеткіліксіз деңгейде тартылуы.

"Бүгінде 3 млн-нан астам адам сақтандырылмаған. Олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Алайда, былтыр халықты сақтандырумен қамтуда оң динамика байқалып жатыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушылардың саны 600 мың адамға артты", - деді ол. 

Салада шешуді қажет етіп отырған келесі мәселе – бизнес-процестерді цифрландырудың төмен деңгейі, деп атап өтті спикер.

"Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйелердің бытыраңқылығы. Бұл денсаулық сақтау жүйесінде қаржыны басқарудың жеткіліксіздігіне әкеледі", - деп қорытындылады Тимур Сұлтанғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу