Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты үндеу жасады

229

Министрлік тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс жариялады. 

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынына байланысты үндеу жасады Фото: freepik

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік ұсыныстары мынадай: 

Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;

Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу