Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады. Бұл туралы министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Facebook арқылы видеомәлімдемеде таратты, деп хабарлайды egemen.kz.
Сондай-ақ, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-арқылы тараған хабарламаға түсініктеме берген.
"WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеуді өткізуге шақырған. Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын мәліметтерге сенбеуге, тек денсаулық сақтау министрігінің ресми ақпаратын пайдалануға шақырады",- деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Бұл дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды.
Қазақстанда ресми деректер бойынша, менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды. Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.