Денсаулық сақтау министрлігінің екі комитеті біріктіріледі

805

Осылайша, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің екі комитеті біріктіріледі

Жуық арада денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен фармация комитеті біріктіріліп, жаңадан тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта екі комитетті араластыру туралы заңнамалық реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен фармация комитеті біріктіріледі. Алдағы уақытта тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады. Аталмыш комитет екі ұлттық сараптама орталығымен бірге жұмыс атқарады. Яғни, ол комитет дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы және дәрі-дәрмек саласынан тыс азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау ұлттық орталығымен тікелей жұмыс жүргізеді", – деді ҚР денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жаңа комитет үкімет қаулысы шыққаннан кейін шамамен осы жылдың наурыз немесе сәуір айында құрылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу