Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі ресми парақшасына хакерлік шабуыл жасалды

936

Ақпарат уақытша инстаграм желісі арқылы таратылады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі ресми парақшасына хакерлік шабуыл жасалды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі ресми аккаунтына хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы ведомствоның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артақшынова мәлім етті, дем жазды inbusiness.kz

"Өкінішке қарай, белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасын және менің жеке парақшамды бұзды", – деп жазды Әсел Артақшынова инстаграм парақшасында.

Ол осыған байланысты Facebook-тің бас кеңсесіне хат жолданғанын атап өтті.

"Ақпарат уақытша инстаграм желісінде менің парақшамда және Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың жеке парақшасында жарияланады", – деді Әсел Артақшынова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу