Денсаулық сақтау саласы бойынша кәсіпкерлік талаптар нақтыланды

702

Денсаулық сақтау министрлігі "Атамекен" ҰКП және бизнес-қоғамдастық арасынан салалық сарапшылармен бірлесіп 408 реттеуші актіге талдау жасады.  

Денсаулық сақтау саласы бойынша кәсіпкерлік талаптар нақтыланды Фото: egemen.kz

Денсаулық сақтау саласы бойынша кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі қалыптастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Денсаулық сақтау" саласы бойынша тізілімде 300-ден астам реттеуші  акті бар, онда кәсіпкерлік саласында 14000-нан астам міндетті талаптар анықталған. Оның ішінде 110 реттеуші актілер жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша 1600-ге жуық талаптарға өзгерістер енгізу қажет.

Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы "Таза парақтан" реттеуді енгізу саясатына көшу кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік тосқауылды төмендетуге және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

"Таза парақтан" реттеудің негізгі міндеті реттеуші актілерді тұрақты негізде қайта қарауды қамтамасыз ететін міндетті тетік ретінде міндетті талаптар тізілімін сапалы қалыптастыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу