Денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақсыны 32%-ға өсті

1463

2023 жылы аталған сала мамандарының айлығы 2 есе жоғарылайды. 

Денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақсыны 32%-ға өсті

Елімізде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет сала мамандарының жалақысы 32%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәселен, 2020 жылдың төртінші тоқсанында аталған сектор мамандарының шартты айлығы 197,4 мың теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 32,1% жоғары. Сонымен қатар бұл 2015 жылдан бері ең үлкен көрсеткіш. Бұған қоса инфляцияны ескергенде сала мамандарының сатып алу қабілеті 23,1%-ды құрады. 

Салыстырып көрелік, өткен жылы еліміз бойынша жалақы орта есеппен 14,3%-ға өсті. Осылайша қазақстандықтардың орташа айлығы 233,1 мың теңгеге жетті. Ал медицина мамандары мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлығы бұдан 15% төмен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021-2023 жылдары аталған сала мамандарының еңбек ақысын 2 есе жоғарылату жоспарланған. 

Яғни, 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 50%, 2022 жылы — 25%, 2023 жылы — 25%. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша 2023 жылы медицина мамандарының жалақысы еліміздегі орташа айлықтан 2 есе жоғары болады. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу