Денсаулық сақтау саласын цифрландыру дәрігерлердің жұмысын жеңілдеткен жоқ

833

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың мәлімдеуінше, дәрігерлер мен мейірбикелер құжат толтырудың машақатынан құтыла алмай жүр.    

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру дәрігерлердің жұмысын жеңілдеткен жоқ

Бұл туралы денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселесіне арналған жиында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бір топ депутат 2 маусым күні дәрігерлердің пациенттерді қалай қабылдайтынына куә болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының №5 қалалық ауруханасына бардық. Олардың алдында 358 беттен тұратын медициналық қызмет көрсету тізімі тұрды. Дәрігерлер әр пациентті қабылдаған сайын тізімді ақтарып, аурудың тиісті кодын іздеп отырды", – деді депутат. 

Гүлдара Нұрымова дәрігерлер көрсетілген медициналық қызметтің есебін электронды базаға енгізе алмағанын, себебі Damumed бірқатар ақпараттық жүйемен интеграцияланбағанын айтты. 

"Вице-министр деңгейінде жұмыс тобын құру керек. Денсаулық сақтау саласын дамытатын тиімді және қарапайым бағдарлама түзілуге тиіс. Ең бастысы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы медициналық көмектен туып жатқан түсініспеушіліктің алдын алу қажет", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу