Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың пәлсапасы түсініксіз – депутат

927

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселесіне арналған жиында мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың пәлсапасы түсініксіз – депутат

"Бізге саланы цифрландырудың өзегі қайсы екенін түсіну қажет. Дәл қазір бізде цифрландырудың өзегі ақша және есеп беру ғана болып тұр. Негізі цифрландырудің өзегі – денсаулық және денсаулыққа қатысты дерек болуы керек. Осы дерек негізінде біз дені сау ұлт, дені сау ұрпақ қалыптастырамыз. Жалпы, бізде денсаулық сақтау саласын цифрландырудың пәлсапасы түсініксіз", – деді Ерлан Смайлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу